Саяси сахна

МҚІА Тоқаевтың сынынан кейін жұмыстан кеткен шенеуніктің қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді

  • Сайранбек Бармақов. Фото:primeminister.kz

    Сайранбек Бармақов. Фото:primeminister.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Сайранбек Бармақов өз еркімен автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері.

 

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Президент жұмыстан шығарған шенеуніктер мемлекеттік қызметке, оның ішінде, басшылық лауазымдарға қайта тағайындалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

 

Ресми жауапта мемлекеттік қызметке тәртіптік теріс қылық жасағаны, мемлекеттік қызметке кір келтіргені, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қызметтен шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған шенеунік қабылданбайтынын айтады.

 

"Бұл ретте қолданыстағы заңнамада бұрын мемлекеттік қызметтен өз еркі бойынша босатылған адамдардың мемлекеттік қызметке тағайындалуына шектеу қарастырылмаған. Осыған байланысты Сайранбек Бармақов біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналаса алады", - деп түсіндірді агенттікте.

 

Сонымен қатар, МҚІА мәліметінше, қолданыстағы заңнаманы немесе Мемлекет басшысының тапсырмаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік көзделген, оны лауазымдардың жіктелімдері мен санаттарына байланысты Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясы, Әдеп жөніндегі кеңестер қарастырады.

 

"Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер жасаған теріс қылықтың ауырлығына қарай ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе лауазымын төмендету және атқаратын лауазымынан босату енгізілуі мүмкін", - деп нақтылады ведомствода.

 

Еске салайық, Сайранбек Бармақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Бармақовты "саладағы бақылауды әлсіреткені үшін" қызметінен босату туралы жария түрде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 20 сәуірде хабарлады.

 

Бірнеше күннен кейін, 23 сәуірде БАҚ-та Сайранбек Бармақовты "Қазавтожол" ұлттық компаниясының Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындау туралы ақпарат пайда болды. Басылымдар, соның ішінде мемлекеттік басылымдар өз жарияланымдарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми хабарламасына сілтеме жасаған. Бүгінде Бармақовты "ҚазАвтоЖолда" қызметке тағайындау туралы министрліктің Telegram-каналында жарияланым жоқ.

 

Алайда, кейін министрлік оның "ҚазАвтоЖол" Алматы облыстық филиалының басшысы лауазымына тағайындалуын жоққа шығарды және бұл ақпараттың пайда болуын жансақтықтан болғанын хабарлады.

 

 

 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 11:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31