Саяси сахна

Моңғолия Президенті моңғол-қазақ тілінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультет ашу керегін айтты

  • Моңғолия Президенті моңғол-қазақ тілінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультет ашу керегін айтты

    Моңғолия Президенті моңғол-қазақ тілінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультет ашу керегін айтты

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Ұлттық тіл саясаты кеңесінің төрағасы С.Дулам және кеңестің бірқатар мүшелерін қабылдау кезінде моңғол-қазақ тілінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультет ашу туралы айтты деп хабарлайды Kaznews

Сонымен қатар, С.Дулам бастаған кеңес мүшелері Президентке моңғол тілінің емле сөздігі, этнографиялық тіл, диалектік зерттеулер, терминология, тасқа жазбаша жазылған мәдени мұраны қорғау, моңғол жазуының халықаралық стандарттық код жүйесін қалыптастыру және Моңғол тілінің ұлттық бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар туралы таныстырды.

Кездесу барысында ел Президенті алдағы уақыттарда Моңғолияның ұмытылған және өзгертілген географиялық атауларын қалпына келтіру мен қорғау туралы жарлық шығарып, ұлттық деректер қорын құру тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар криллица мен моңғол жазуын қатар қолданатын компаниялар мен ұйымдарға белгілі мөлшерде салық жеңілдігін көрсететін мүмкіндік туғызатынын айтты.

Қос тілде білім алуды заңдастыру, Моңғолияның Мемлекеттік ұстаздар университетінде моңғол-қазақ және моңғол-тыва тілінде бастауыш сынып ұстаздарын даярлайтын факултет ашуға, шетелдегі моңғол балаларының моңғол тіл үйренуіне назар аудару, Моңғол тілінің үлкен сөздігін құрастыруға байланысты қаражаттарды шешу керегіне тоқталды.




Көрілген: 915    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.09.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31