Саяси сахна

Мұхтар Тайжан президенттікке ұсынылды

  • Мұхтар Тайжан президенттікке ұсынылды

    Мұхтар Тайжан президенттікке ұсынылды

Мемлекет басшысы лауазымына алғашқы үміткердің кім екені белгілі болды. Ол қоғам белсендісі - Мұхтар Тайжан. Оның кандидатурасын ұсыну туралы бүгін Қазақстан ардагерлер одағында айтылды.

Бұл туралы запастағы гвардия полковнигі Мұрат Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.


Оның айтуынша, қоғамдық бірлестікке кірмейтін адамды кандидат ретінде ұсыну - Конституцияның екінші бөліміне сай келеді. Әйткенмен одақтағылар нақты шешімнің кезекті жиналыс кезінде қабылданатынын айтты.


Қоғам белсендісі өзінің ұсынылуына қатысты пікір білдірді. Ол ардагерлер одағына алғыс білдіре келе, заң бойынша сайлауға түсу мүмкіндігі аз екенін тілге тиек етті.


"Егер заң жүзінде рұқсат етілсе, сайлауға қатысар едім. Бірақ өкінішке қарай, мен 5 жыл мемлекеттік қызметте болған адам емеспін. Сол себепті мені кандидат ретінде тіркемейді. Жоғарғы жақпен ешқандай келісімім жоқ. Біздің бүгінгі заң осындай, оны өзгерту керек деп санаймын.


Әйткенмен бүгінгі заң осы, оны айналып өте алмаймыз. Сондықтан да уақыт жоғалтпастан, ешқандай мәселе туғызбайтын басқа кандидатты таңдағандарыңыз дұрыс болар", - деп жазды Тайжан Facebook-тегі парақшасында.  




Көрілген: 4188    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31