Саяси сахна

Мұрат Бектанов қорғаныс министрі болып тағайындалды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. 

 

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Нұрлан Ермекбаев Тараздағы жарылыстардан соң отставкаға кету туралы өтініш білдіріп, Президент оның отставкасын қабылдаған болатын.

 

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

 

Қайғылы жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

Соңғы дерек бойынша, сол жарылыстардың салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар саны 15 адамға жетті.

 

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

 

Бұған дейін жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөні жариялаған болатынбыз.

 

Одан кейін үш мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталғаны айтылған.

 

Қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілер, жер қойнына тапсырылды.

 

Әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

 

Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына бағышталып құранхатым оқылды.

 

 

 

 

24.kz




Көрілген: 819    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 16:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31