Саяси сахна

Мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Назарбаева Маминге 3 нақты сауал қойды

  • Мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Назарбаева Маминге 3 нақты сауал қойды

    Мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Назарбаева Маминге 3 нақты сауал қойды

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева жеке меншік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты Үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады.
Жеке меншік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты тағы да сізге жүгініп отырмын. Биылғы жылдың 10 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты мәселені көтерді. Сіздің депутаттық сауалға берген жауабыңызға сәйкес, ҚР Үкіметі жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау үшін: салық төлеуден босату; шығындарды жабуға мүмкіндігін жасау мақсатында бару фактісінсіз мемлекеттік тапсырысты тапсыру; жалақыға үстемақы төлеу сияқты тиімді шаралар қабылдады,- деді Дариға Назарбаева.
 Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі мәселесі бар облыстардың әкімдіктері биылғы жылғы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда республикалық бюджеттен тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген жоқ.

Сондықтан ол осы айтылғандардың негізінде Үкімет басшысынан мына сұрақтарға жауап беруін сұрады:

1. Неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді? «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 44-VII Заңы)

2. Биылғы қаржы жылында Түркістан және Алматы облыстарынаа қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма?

 3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерге қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады  ма?

 BAQ.KZ




Көрілген: 1107    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 11:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31