Мәжілістің жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыру туралы, заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай норма «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы» заң жобасында қамтылған.
Оны Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қож-ахметов таныстырды.
Депутаттың айтуынша, бұл референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген түзетулерді орындау мақсатында әзірленген.
Яғни 8-ші маусымдағы заңмен, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес 46-шы баптың 4-ші тармағы алынып тасталды.