Саяси сахна

Назарбаев астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтты

  • Назарбаев астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтты

    Назарбаев астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтты

Астананы Түркістан қаласына ауыстыру қажет деген әңгіменің еш негізі жоқ, біз Нұр-Сұлтанды ары қарай ұлғайта береміз, деп атап өтті Елбасы. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Түркістан қаласына ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол әңгіменің негізі жоқ. Ой айтудың да жөні бар ғой. Әсіресе, сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай ойлайтын шығар. Әрине, тарихы терең. Бұл жерге Қожа Ахмет Ясауи келіп, мұсылмандықты уағыздап кеткен. Түркі тектес халықтар мұсылмандыққа ден қойды. Сондықтан олардың бәрі сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе, Түркиядан келіп, көргісі келетіндер көп", - деді Назарбаев "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде.

"Бірақ біз астанамызда ары қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай адам тұрған бұрынғы Ақмола қазір 1 миллион 200 мың тұрғыны бар шаһарға айналды. Нұр-Сұлтан деген атау берілді. Оны мен ұсынбадым. Бірақ қарсы да болмадым. Себебі астананың әрбір тасы, әрбір ғимараты менің нұсқауыммен салынды. Сондықтан біз қаламызды одан әрі дамытамыз", -  деп түйіндеді Назарбаев.




Көрілген: 2631    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.12.2020, 21:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31