Саяси сахна

Назарбаев: Бай болғың келсе - жол сал

  • Назарбаев: Бай болғың келсе - жол сал

    Назарбаев: Бай болғың келсе - жол сал

 Қазақстанның Тұңғыш президенті Бейжіңде өткен "Бір белбеу, бір жол" форумында 40 мемлекет басшылары мен премьер-министрлерінің алдында сөз сөйледі. Елбасы сөз сөйлеу барысында мемлекетті байыту құпиясымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Назарбаев өз сөзін қытай мақалымен бастап, Қазақстанның Еуразияның қақ ортасында өте қолайлы орналасқанын атап өтті.


"Бай болғың келсе - жолдар сал. Біздің мемлекет арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын ең қысқа құрлықтық жол өтеді. Транзиттік артықшылықты іске қосу мақсатында біз "Бір белбеу, бір жол" бағдарламасымен "Нұрлы жол" жобасын енгіздік.

Қазақстан он жыл бойы транспорттық-логистикалық активтер инфрақұрылымының дамуына ақша құйып келеді. Шамамен, 30 млрд доллар көлеміндегі қаржы құйылды.


Үш мың шақырымға созылған ұлттық темір жолдар мен 12,5 шақырымдық тас жолдар өңделіп, қолдануға берліді. Отандық теңіз және әуе айлақтары жөндеуден өтті. Нәтижесінде мемлекетте қысқа мерзімде бәсекелес болуға тұрарлық, заманауи транзиттік хаб құрылды" , - деді Елбасы.

Оған қоса, тұнғыш президент Қазақстан арқылы 11 транконтиненталды бағыт-бағдар, бес темір жол және алты тас жол өтетінін жеткізді. Сонымен қатар, мұнай жне газ желісі арқылы Ресей, Қазақстан және Түркменстаннан Азия нарығына энергия қоры тасымалданады.


Назарбаев ЕАЭО Си Цзиньпиннің "Бір белбеу, бір жол" бағдарламасымен байланысы аса маңызды екенін айтты.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31