Назарбаев Бисембаевты қайта тағайындады

30 наурыз 2022, 14:23

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көмекшісі Абай Бисембаевты қайта тағайындады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Елбасы өзінің көмекшісі Бисембаев Абай Айдарханұлын қайта тағайындады, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды",- делінген хабарламада.