Саяси сахна

Назарбаев "елде демократия жоқ" дейтіндерге жауап берді

  • Фотохост-агентство

    Фотохост-агентство

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде "елде демократия жоқ" деп сынайтын азаматтарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Мысалы, бізді кейде сынайды. Біздің демократиямыз Батыстағыдай, Америка, Германия, Франциядағыдай бола қалу керек екен. Біз соған қарай жүріп келеміз. Бірақ ол үшін экономиканың 60-70 проценті жеке меншікте болуы керек. Америка экономикасының 90%-і жеке меншіктің қолында, ол жерде мемлекет жоқ, Германияда 80%-і &ndash шағын және орта бизнестің қолында. Ал бізде небәрі 25-30 процент. Экономиканың 60-70 проценті  бизнестің қолында болса, ол адамдардың өз үйі, жұмысы, бизнесі, активі болса, ол соны қорғағысы келеді. Сол активті қорғайтын мемлекет болса екен дейді",  - деді Елбасы кезектен тыс съезде.

 

Назарбаев нағыз демократиялы ел саналатын АҚШ-тың өзінде бәрі керемет емес екенін айтты.

 

"Несін айтасың, қазір АҚШ-та да, мысалы сайлау кезінде демократтар ЕҚЫҰ бақылаушыларын мүлде кіргізбей қойды. Егер бізді сынаса, неге өз жерлерінде осындай тәртіпсіздіктер орын алады? Таяқтың екі ұшы бар деген осы. Бір ай бойы Беларусьті де сынады. Дәл осындай жағдай Болгарияда да болды, бірақ, неге екені белгісіз, біз еш жерден бұл жайлы естіген жоқпыз", - деді ол.

 

Біз азат, нарықтық экономикасы бар, демократияны дамыту бағытын ұстанған мемлекет құрғанымызды мақтан етеміз. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Біз үшін демократия жолдың соңы емес, басы. Біз соған қарай бет алдық, деп түйіндеді Елбасы.

 

 

 




Көрілген: 3331    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31