Саяси сахна

Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

  • Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

    Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

Жиында Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы, шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін хабарланғандай, отырыс 19 мамырға жоспарланған. Жиында екі мәселе қаралады: біріншісі – Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі –  шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. 

Кеңес хатшысы Әсет Исекешевтің мәліметінше, бірінші мәселе бойынша қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ үкіметпен бірге қаржыландыру және тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұған дейін қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жаңа тұжырымдама жобасында көрініс тапқан  армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 08:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31