Саяси сахна

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын қайта қарауды тапсырды

  • Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын қайта қарауды тапсырды

    Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын қайта қарауды тапсырды

Кездесу барысында Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«1995 жылы біз көпұлтты мемлекетіміздің барлық азаматтарының құқықтарын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. Кейін Ассамблея конституциялық органға айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз үнемі еліміздегі барлық этнос өкілдерінің теңдігін қамтамасыз еттік», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беруі керектігін атап өтті.

«Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің қызметін жандандыру үшін аудит өткізуді тапсырды.

Өз кезегінде, Ж.Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 09:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30