Саяси сахна

Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

  • Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

    Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қымбатты отандастар!

 
Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы болып саналады.

Көктемнің алғашқы күнінде &ndash тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезеңде атап өтілуі бұл мерекеге ерекше сән береді.

Бүгін біз қазақ халқының рухани ерлігі мен еліміздегі барлық этностардың басына түскен ауыр сынақтарды еске алып қана қоймай, келешекке зор сеніммен қараймыз. Қазақстан қоғамының келісімі мен татулығы ­&ndash сол жарқын болашақтың берік іргетасы", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының сөзінше, коронавирус пандемиясына тойтарыс беру кезінде де біздің бірлігіміздің маңызы айқын көрінді. Қазақстандықтар мемлекетіміздің тұрақты дамуына қауіп төндірген жаһандық сынаққа ел болып жұмыла қарсы тұрды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына, толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет пен ортақ Отанымыз &ndash Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз.

Барлық қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға мол игілік, мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 08:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30