Саяси сахна

Назарбаев: Мен партияның, Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып қала беремін

  • Назарбаев: Мен партияның, Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып қала беремін

    Назарбаев: Мен партияның, Қауіпсіздік кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып қала беремін



Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Stan.kz.


 Мен партияның, Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып қала беремін


Фото: Ақорда


"Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауды өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау заң үстемдігін одан әрі нығайту және еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді біз партиялық съезді өткізіп, президенттікке кандидатураны ұсынуымыз керек. Партия өкілдері съезге қажетті барлық жұмыстарды атқаруы керек. Партия атынан үміткер ұсынғаннан кейін қоғамдық штабтың жұмысын ұйымдастыру қажет. Мұнымен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.


Жақында біз «Nur Otan» партиясының 20 жылдығын тойладық. Партияның жаңа мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Мен партияның, Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып қала беремін", - дейді Назарбаев. 


Кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев саяси оқиғалардың әлемдік қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырғанын атап өтті.


"Қазақстан халқының даналығы мен бірлігіне алғысымды білдіргім келеді. Халқымыздың бірлігі осы бұрылысты кезеңде көрінді. Бүгінгі күні көптеген хаттар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің телеграммалары келді. Еліміздің өндірістік топтары, шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардан хабарласып, қолдау білдірді", - деді елбасы.


Қазақстанның бірінші президенті мемлекеттің өркендеуіне және елдің тұрақты дамуына бағытталған нақты бағытты жалғастыратынына сендірді.


"Барлық сынақтардан өтіп, әлем танитынн және құрметтейтін табысты ел құрдық. Мені қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы ретінде мемлекетіміздің болашағына және азаматтардың әл-ауқаты алаңдатады. Менің барлық іс-әрекетім осыған бақытталған", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қазақстан халқының мүддесі үшін стратегиялық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.


"Жүйелі бағдарлама - біздің дамуымыздың негізгі шарты. Біз тұрғындарды тұрғын үймен, жұмыс орындарымен, сапалы медициналық көмекпен және сапалы біліммен қамтамасыз етуді, сондай-ақ мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жалғастыруымыз керек. Мұның бәрі жарқын болашаққа инвестиция апарады - деді елбасы.


Қазақстанның бірінші президенті бүгінгі күні экономикалық өсу мен жаһандық проблемаларды еңсеру үшін еліміздің жақсы әлеуетке ие екенін атап өтті.


Кездесу барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов пен энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың баяндамасы тыңдалды.


Кездесу қорытындысы бойынша үкімет пен облыстарға, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері нақты тапсырмалар берілді.







 




Көрілген: 843    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 21:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30