Саяси сахна

Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

  • Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

    Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді олардың кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында жарияланды.

"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!


Бұл мейрам сіздерге деген құрметтің және ерен еңбектеріңізді мойындаудың символы саналады.


Кезінде маған маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратымды шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген металлург кәсібін таңдағанымды мақтан етемін.


Бүгінде еліміздің кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеуде. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүкіл еліміздің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастыра алдық.


Қазақстандағы металлургия саласы дамудың инновациялық жолына түсіп, өндірістік ұжымдарымызға болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.


Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге ұмтылып, адал еңбек ететіндеріңізге сенемін.


Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, туған-туысқандарыңызға бақ-береке тілеймін!", - делінген Елбасы құттықтауында.


Baq.kz


 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.07.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31