Назарбаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезін өткізу туралы Қаулыға қол қойды

02 қараша 2020, 13:42

Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезін өткізу туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

"Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезін 2020 жылғы 25 қарашада өткізу туралы Қаулыға қол қойды", деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан байбек Твиттерде.

 

Алдында ол Назарбаев "Nur Otan" Саяси кеңесі Бюросын шақырғаны туралы жазған. Бюро отырысы 24 қарашаға белгіленген.