Саяси сахна

Назарбаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

  • Назарбаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

    Назарбаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының даму қарқынына жоғары баға берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының даму қарқынына жоғары баға берді.

Тараптар әр түрлі деңгейдегі өзара сапарлардың және бірлескен келісімдерді жүзеге асырудың арқасында екіжақты сауда айналымы көлемін жылына 1 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты.

Елбасы мен Беларусь Президенті екі ел арасындағы, соның ішінде Еуразия экономикалық одағы аясындағы қарым-қатынастар одан әрі нығаятынына өзара сенім білдірді.

Соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады.

ҚазАқпарат




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 22:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31