Саяси сахна

Назарбаев сайлауға түсуді сұрап хат жазғандар жайлы айтты

  • Назарбаев сайлауға түсуді сұрап хат жазғандар жайлы айтты

    Назарбаев сайлауға түсуді сұрап хат жазғандар жайлы айтты

Тұңғыш Президент, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысын сайлауға өз кандидатурасын ұсыну туралы ұсыныстар түсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Осы күндері мен өкілеттігімді тоқтату туралы шешімімді күтпеген азаматтардан көптеген хаттар алып жатырмын. Кейбіреулер менің шешімім туралы өкініш білдіреді, тіпті сайлауға қатысу туралы да хаттар келіп жатыр. Мен оларға алғыс білдіремін және осы толқуды түсінемін. Адамдар тұрақтылықты, теңдіктің сақталуын қалайды", - деді Назарбаев Nur Otan партиясының съезінде. "Маған деген мейірімді қарым-қатынас үшін ризамын және қазақстандықтардың осындай махаббаты мен жеке басыма деген құрметі үшін алғыс айтқым келеді. Мен алаңдаушылықты түсінемін және ойлана келе шешім қабылдағанымды айтқым келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев - барлық қазақстандықтар үшін достық және тең құқықтар саясатын ұстанатын адам деп айта аламын", - деді Тұңғыш Президент. Назарбаев отандастарын алдағы сайлауда Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды.

 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31