Саяси сахна

Назарбаев: Тек күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптерге қарсы тұра аламыз

  • Назарбаев: Тек күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптерге қарсы тұра аламыз

    Назарбаев: Тек күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптерге қарсы тұра аламыз

 Бір елдің немесе аймақтың ғана емес, тұтас адамзаттың келешегі бүгінгі емтиханды қалай өткенімізге байланысты болмақ. Бүгін, 12 қарашада Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Astana Club" отырысында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.


- Бүкіл Еуразияда қауіпсіздік пен тұрақтылықсыз ешкім де ұзақ мерзімді дамуға қол жеткізе алмайтынын Қазақстан ұғып отыр. Сол себепті бүгінгі жағдайда құрлықтағы барлық елдер тар аймақшылыққа, блоктық ойламға берілмей, еуразиялық ауқымды санатта ойлануы тиіс. Тек осылай ғана Еуразиялық субқұрлық өзіне тән әлеуетті іске асыра алады. Дәл осы ретте біздің клуб Үлкен Еуразия атты жаңа геосаяи құрылымда бірыңғай алаң болып отырғаны қуантады, - деді Назарбаев.


Назарбаев әйгілі ойшыл Арнольд Тойнбидің сөзін келтірді. - Тарихтың сын-тегеурініне қарсы тапқан жауаптарына қарай әрбір қоғам дамып, жеңіп келеді. Тарих – қатал экзаменатор. Көп ел бұрыс немесе орынсыз әрекеті үшін жауап берген. Бір елдің немесе аймақтың ғана емес, тұтас адамзаттың келешегі бүгінгі сынақты қалай өткенімізге байланысты болмақ. Тек күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптер мен тегеуріндерге қарсы тұра аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгін, 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада "Astana Club" отырысы өтіп жатыр. Бұл жиынға әлемнің 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының сарапшысы ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикер қатысуда. Құрметті меймандардың қатарында - 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және Нобель сыйлығының лауреаты бар.


qamshy.kz


 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31