Саяси сахна

Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

  • Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

    Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті

Мұстафа Шентоп Қазақстанға Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысына қатысу үшін келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті Шентопқа Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысында жемісті келіссөздер жүргізуіне тілектестігін білдірді.

Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, Шентоптан Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

"Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыс атқарып келемін. Бүгінде біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Президент Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Ал Шентоп Елбасыға қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанның жылы лебізін жеткізді.




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 00:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31