Назарбаев Түркиядағы форумға қатысты

11 наурыз 2022, 22:45

Тұңғыш Президент - Елбасы Аланияда өтіп жатқан ADF2022 дипломатиялық форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Еске салайық, бұған дейін Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келгені хабарланған болатын.