Саяси сахна

Назарбаева некені қашықтықтан бұзуға рұқсат беретін заң туралы сөз қозғады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Сенат спикері Дариға Назарбаева "Неке және отбасы туралы" кодекске өзгерістер енгізуде сақ болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Мұндай мәлімдемеге бүгін палата мақұлдаған мемлекеттік қызмет көрсету туралы заң жобасындағы заң себеп болды. Оған сәйкес некені қашықтықтан бұзуға рұқсат беріледі.


Ол некеге тұрып, оны қайта бұзудың қаншалықты оңай болып кеткенін жастардың өзі де түсінетінін атап өтті.


Сондай-ақ, некеде туған ортақ балалардың тағдыры мұндай мәселелерді шешу кезінде басымдықтар тізімінде 10-шы орынға орнықты.


"Мен әріптестерімнің назарын осы мәлелерге аударсам деймін. Қазір бұл заңмен біз тіптен (ажырасу шарасын - ред.) жеңілдетіп жібереміз. Некені бұзуды қашықтықтан, электронды түрде тіркеуге болады. Жалпы оңай болады (ажырасу-ред.)", - деді ол.

Сондай-ақ ол жаңа форматтың АӘК алу кезіндегідей алаяқтық схемалардың пайда болу мүмкіндігі барын еске салды.


Назарбаева бұған дейін қолданыста болып келген тәжірибені де атап өтті.


"Естеріңізде ме, бұрын біз некені қалай қидыртушы едік? Бір жыл бұрын ЗАГС-ке келіп, өтініш жазу керек болатын. Сосын жастар жақсылап ойланып алу үшін тіркеу күнін бекіткенге дейін бірнеше ай күту қажет еді. Некені бұзардың алдында да біраз уақыт беретін. Ал қазір бізде барлығы сол сәтте-ақ болады. Біздің мәдениетіміз сондай, демек", - деп түйіндеді ол.


 




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 17:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30