Саяси сахна

Назарбаевқа ғұмыр бойғы мәртебе берілді

  • Назарбаевқа ғұмыр бойғы мәртебе берілді

    Назарбаевқа ғұмыр бойғы мәртебе берілді

Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті.


Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты сақтаудың және оны әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті.


"Түркия бізге тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсетіп келеді. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз бір-біріне өте жақын. Екі ел арасында визасыз режім енгіздік. Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары жыл сайын нығайып келеді. Осы бағыттың жалғаса түсетініне сенімдімін", - деді Елбасы.


Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі аясында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың қажеттігін айтты.


"Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарының арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатымен құрылған болатын. Бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Мен жан-жақты қолдау көрсетемін", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


© akorda.kz


Чавушоглу Елбасыға ризашылық білдіріп, жақын арада Түркияға келу туралы Режеп Ердоғанның шақыруын жеткізді. "Сіздің Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің және Nur Otan партиясының төрағасы ретінде Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмыстарды белсенді жалғастырып жатқаныңызға қуаныштымыз.


Сіздің Қазақстанды өркендету және екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне өлшеусіз еңбек сіңіргеніңізді жақсы білеміз", - деді Түркия Республикасының cыртқы істер министрі.


Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады.


Соңында Түркия Республикасының cыртқы істер министрі Түркі кеңесі мемлекеттері көшбасшыларының қабылдаған шешіміне сәйкес, түркі әлемі елдерін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін мәлімдеді.




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 22:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31