Саяси сахна

Назарбаевтың баспасөз хатшысы "Елбасы мәлімдемесіне" қатысты түсініктеме берді

  • © Фотохост-агентство

    © Фотохост-агентство

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде тарап жатқан "Елбасы мәлімдемесі" туралы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтты.

 

Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

 

"Елбасы мәлімдемесі" деп тарап жатқан видеоның фейк екенін жеткізгім келеді. Қаскүнемдер жауапкершілікке тартылады. Мұндай хабарламалардан сақ болып, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруді сұраймын", - деді ол.

 

Айта кетсек, Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылуына байланысты әлеуметтік желілерде түрлі хабарламалар тарай бастаған еді. Видеода қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отставкасы туралы мәлімдейді. Бірақ роликтің монтаждалғаны көрініп тұр, кейбір жерінде сөйлеген сөзі мен ернінің қимылдағаны сәйкес келмейді.

 

Еске сала кетсек, 2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Кейін мемлекет басшысы Назарбаеваға парламент сенатының төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

 

sputnik

 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30