Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітіледі

25 сәуір 2022, 15:18

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" мәртебесі Конституцияға енгізіледі. Бұл туралы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов айтты.
 
"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Осы мәртебесі анықталатын болады. Оның маңызы зор, себебі оның сіңірген еңбегін, нақты бар фактілерді бәрі біледі, барлық әлем көріп отыр. Сол мәртебесі Конституцияда бекітіледі", - деді Әбдірасылов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
 
Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша конституциялық түзетулермен айналысып жатқан жұмыс тобы осындай шешімге келді.
 
"Жұмыс тобы сол мәртебесін Конституцияның өзінде анықтау керек деген қорытындыға келді. Осы норманы нақтылайтын басқа заңдарға қарамай, Конституцияның өзінде бекіту қажет", - деп атап көрсетті Әбдірасылов.