Саяси сахна

"Несием бар": Семей әкімі жалақысының қанша екенін айтты

  • "Несием бар": Семей әкімі жалақысының қанша екенін айтты

Семей әкімі Нұрымбет Сақтағанов жалақысының қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Семей басшысының кәсіпкерлермен болған кездесуінде тұрғын: "Сіз дағдарыстың ауыртпалығын сездіңіз бе? Бәлкім, жалақыңыз қысқарып қалған шығар? Әлде жұмыс кестеңіз қысқарды ма? Пандемия кезінде қанша жалақы алып жүрсіз?" деп сұрады.  

 
"Мен айына 450 мың теңге жалақы аламын. Несием бар. Пандемияның қаржылық жағынан менің отбасыма әсері болды", - деп жауап берді шенеунік. 

"Ал мемлекеттік қызметкерлерге ақшаны кім төлейді? Мемлекет кімнің ақшасына өмір сүріп жатыр? Әрине, біздің ақшамызға! 2500 теңге қарызым үшін жақында үйдегі жарықты қиып кетті. Міне, біздің өміріміз осы. Ал сіз шектеу шаралары туралы айтып отырсыз. Ертеңгі күні халық ұрлық-қарлықты қойып, өз өздеріне қол сала бастайды", - деді сұрақ қойған әйел. 

Еске салайық, бұған дейін Семей әкімі желідегі жазбасы үшін халықтың сынына қалған еді. 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30