Саяси сахна

Н.Назарбаев: Біз Ұлттық қордың ақшасын "жеп қойған" жоқпыз

  • Н.Назарбаев: Біз Ұлттық қордың ақшасын

    Н.Назарбаев: Біз Ұлттық қордың ақшасын "жеп қойған" жоқпыз

Бүгін «Нұрлы жол - жаңа экономикалық саясат» атты жаңа Жолдауды жариялаған Президент Н.Назарбаев Ұлттық қордың ақшасы қалай жұмсалып жатқаны жайында айтып берді.

Президенттің айтуынша, әлемдік экономиканың жағдайы тыныш, яғни мұнайдың бағасы жоғары деңгейде тұрған кезде Қазақстан одан түскен ақшаны Ұлттық қорға жіберіп отырды. «Сол кезде ол қаржыны таратып берейік дейтіндер де болды. Бірақ мен оның қиын кезде қажет болатынын айтқанмын. Осы уақытқа дейін біз барлық ақшаны сол қорға жинадық. Соның 10 миллиард доллары 2007 жылғы дағдарыс кезінде жұмсалған болатын. Қалған ақшаны біз «жеп қойған» да жоқпыз, жұмсаған да жоқпыз. Біз оны көбейте түстік. Қазір ол ақшаны дағдарысқа қарсы қорған ретінде халық игілігіне жұмсайтын уақыт келді. Атап айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриалдық және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту қажет», – дейді Н.Назарбаев.
Ағымдағы жылдың басында ел экономикасына Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Оның 500 миллиард теңгесі бөлінді. Бүгін Президент келесі жылы сол ақшаның екінші траншы - тағы 500 миллиард теңгені беруді тапсырды. «Біріншіден, ірі, шағын және орта бизнесті несиелендіруге қосымша 100 миллиард теңге бөлу керек. Осының арқасында тамақ, химия, машина жасау мен қызмет көрсету саласындағы көптеген жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Екіншіден, банктерге қайтарылмай жатқан несиелерді сатып алуды тапсырамын. Ол үшін проблемалы несиелер қорына қосымша 250 миллиард теңге беріледі. Үшіншіден, жаңа инвестицияларды көптеп тарту қажет. Осыған орай, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтың, Атырау мен Тараздағы мұнай-химия технопарктерін инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ құрғақ порттың құрылысына 81 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», - деп атап көрсетті Президент.
Бұдан бөлек, Астанадағы ЭКСПО-2017 кешенінің құрылысына - қосымша 40 миллиард теңге, ал Астана Халықаралық әуежайды кеңейту жұмыстарына 29 миллиард теңге жұмсалмақ.




Көрілген: 1524    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.11.2014, 13:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31