Саяси сахна

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық келісімдерді қарайды

  • http://www.parlam.kz/

    http://www.parlam.kz/

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

 

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруға қатысты келісімді, сондай-ақ, екі ел арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына байланысты заң жобалары бар.

 

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді және Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын II оқылымда қарамақ.

 

Сонымен қатар, Палата Бюро отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алуды көздейді. Олар: рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелеріне қатысты, сондай-ақ,  сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы заң жобалары.  

 

 

 

parlam.kz

 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 13:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31