Саяси сахна

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің бірінші сессия жұмысын қорытындылады

  • © parlam.kz/Ж.Құспанов

    © parlam.kz/Ж.Құспанов

Бүгін Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды.

 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында осы сессия өз жұмысын  қасиетті тәуелсіздігімізге 30 жыл толған  тарихи  кезеңде бастағанын алға тарта келіп: Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты.

Соның нәтижесінде, Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды.

Бұл жолда біз, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Стратегиялық бастамаларын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық.

Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті, - деді.

 

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, сессия барысында депутаттар өздерінің заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шықты.

 

Сонымен қатар, осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауалдар жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды.

 

Сондай-ақ, Палата Спикері сессия аяқталғанымен депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып сайлаушылармен кездесетінін айтты.  

 

 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі

parlam.kz




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30