Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды

11 маусым 2022, 14:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі қызметіне Нұрлан Телманұлы Ұранхаевты тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент қаулысында. 

Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.