Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

  • https://elbasy.kz/

    https://elbasy.kz/

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бейнеконференция режимінде өткен отырыста коронавирус эпидемиясымен күрестің, экономиканы қалпына келтіру мен мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық мәселелері қаралды. Елбасы жаһандық сын-қатер айналасындағы жағдай өте күрделі екенін жеткізді.

 

«Коронавирус салдары әлемдік экономиканың өмірлік маңызды жүйелеріне ықпал етеді. Халықаралық валюта қорының сарапшылары бұл жағдайды Ұлы дағдарыспен салыстырып, «Ұлы карантин» деп атады. Олардың мәліметінше, 170 елде жан басына шаққандағы табыс қысқарады. Бәрінен бұрын әлсіз экономикалар зардап шегеді. Бұл тоқсанда сарапшылар пандемия мен экономикалық дағдарыстың бір уақытта шарықтайтынын болжады. Бұл - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өнеркәсіптік өндірістің ең төменгі құлдырауы болады», - деді Тұңғыш Президент.

 

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жақында әлем елдерінің қиын сынақтарға тап болатынын, Қазақстан да бұл мәселелерден шет қалмайтынын атап өтті.

 

«20 сәуір күні тарихта алғаш рет мұнай бағасы кері кетті. Әлемдік нарықта теңгерім жоғалды. Пандемия мен өндірістік құлдыраудан кейін жаһандық қаржылық дағдарыс болады деп болжанған. Келесі кезең - әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл бірқатар шиеленіс пен қарабалас туғызады», - деді Елбасы.

 

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қиын кезеңді еңсеру үшін Қазақстанның қазір жасап жатқан шараларының шешуші маңызға ие болатынын баса айтты.

 

«Мемлекет басшысы мен Премьер-Министр дағдарысқа қарсы барлық қажетті шараларды қабылдады. Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, карантин режимі күшіне енді. Еліміздің барлық азаматтарын төтенше жағдай талаптарын сақтауға шақырамын. Біздің тарихымызда бірнеше дағдарыс болды. Бірақ, қазіргінің жөні бөлек. Әрбір қазақстандық мемлекеттік қолдауды сезінуі үшін бәрін жасаймыз. Сонымен бірге, қазір болашаққа қарауымыз керек. Әлем енді бұрынғыдай болмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 




Көрілген: 567    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 17:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30