Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

  • Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

    Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

«Қымбатты қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке.

Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырады.

Тәуелсіздік жылдары бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналды. Ол татулық, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды.

Біз Тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай нығайтуға тиіспіз. Қазақстандықтар бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.

Осы шуақты мерекеде Отанымыз – Қазақстан Республикасына шын жүректен тыныштық пен бақ-береке тілеймін.

Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»,-делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

sn.kz




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 09:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31