Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

 

Тұңғыш Президенттің қоры Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 миллион теңге бөлді.

 

Бұл қаражат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бөлініп отыр.

 

"Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара жүргізіліп жатыр. Мемлекет ең мықты деген шараларды қабылдады. Отандық бизнес те қауіпті инфекциямен күреске үлесін қосып жатыр. Мен әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамымыздың бірлігін көрсете отырып, осы бастаманы барынша қолдауға шақырамын. Бұл сынақтан сүрінбей өтеміз", - делінген Президенттің тапсырмасында.

 

Бөлінген қаражат Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арасында тең үлестіріледі.

 

Қаржылық көмек пандемияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық маскалар мен дезинфекциялық құралдарды сатып алуға жұмсалады

 

Сондай-ақ, ақшаның бір бөлігі балалар үйлері мен Астананың мамандандырылған ауруханаларын азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 244    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 14:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30