Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын

  • http://www.parlam.kz/

    http://www.parlam.kz/

Бүгін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті. Онда Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев фракцияға Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжіліс Төрағасы қызметіне қолдауды ұсынды.

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Мәжіліс депутаттары - фракция мүшелері Мәжіліс Төрағасы және оның орынбасарлары мен тұрақты комитеттер төрағалары лауазымдарына кандидаттарды ұсыну және бекіту рәсіміне қатысатынын атап өтті.

 

Отырыс барысында Мәжіліс Төрағасы лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын ұсыну бойынша фракцияның ортақ ұстанымы әзірленді.

 

Сонымен қатар, фракция отырысында Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары қызметіне П.Казанцевтің және Б. Кесебаеваның кандидатуралары ұсынылды.

 

Ал Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасына Д. Нұрманбетованың, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне &ndash Қ. Мусиннің, Қаржы және бюджет комитетіне &ndash М. Құсайыновтың, сондай-ақ, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне А.Құспанның, Экономикалық реформа  және өңірлік даму комитетіне &ndash А.Раудың кандидатуралары қаралды.  

 

Сондай-ақ, Елбасы болашақ Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікір білдірді.

 

 

 

parlam.kz




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 21:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31