Саяси сахна

Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

  • Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

    Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

Бүгін Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды. Аталған қоғамның ұйымның төрағасы болып ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сырттағы қандастарымыздың ауызбіршілгінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор. Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы - соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Жаңа шетелдегі бауырларымызды тыңдап, ар жақта болса да отанға деген іңкәрлігін сезіп отырмыз. Алдағы уақытта жаңадан құрылып отырған шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының жұмысының ілгерілеуіне бәріміз бірауыздан атсалыссақ деймін. Мысалы, көрші Ресейде қазақша БАҚ-тар өте белсенді жұмыс істейді. Олар жыл сайын Сочи және басқа да қалаларда бас қосып, өзара тәжірибе алмасып жатады. Түрлі форум, жиындар өткізіп тұрады. Ол жерде қандастарымыз өз мәселелерін ортаға салып, соның шешімін іздейді. Осы бағыттағы жұмысты басқа елдерде де дамыту қажет. Алда бізді біраз шаруа күтіп тұр, бастамамыз сәтімен болсын" , - деді Нұртөре Жүсіп. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды.
inform.kz




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 14:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31