Саяси сахна

Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 100 науқас жалпы статистикаға енбей қалған. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Президенттің сыны орынды. Шындығына келсек, біздің облыстық санитарлық-эпидемиялық қызметте небәрі 12 адам істейді. Жаппай ауру деректері болған кезде, біз мәліметтерді өңдеп үлгере алмай жатамыз. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар бар. Жалпы статистикаға 100 науқас енбей қалды. Қазір бәрі дұрысталды", - деді Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

 

Ол қазір Ақмола облысы "қызыл" аймақта тұрғанын еске салды. Айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны 4 950 адамға жеткен, күндізгі өсім &ndash 65-70 адам. Әкімнің ойынша, бұл көрші өңірлерден халықтың көптеп келуімен байланысты.

 

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 7 қарашадан бастап Көкшетаудың айналасына санитарлық бекеттер қойылды. Ал 23 қарашадан карантин күшейтілді.

 

Еске салсақ, жуырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыста коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталғанын мәлім етті. Әңгіме Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр.

 

 

 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31