Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

25 ақпан 2022, 14:05

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып тағайындалған.