Олжас Ордабаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

01 тамыз 2022, 22:59

Үкіметтің қаулысымен Олжас Темірбекұлы Ордабаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматыда дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Cesar Ritz Colleges Switzerland, Манчестер Метрополитен университетін бітірген.

 

2007-2014 жылдар аралығында бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарды.

 

2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әлеуметтік әріптестік департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

 

2015-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП директорының орынбасары, Адами капиталды дамыту департаментінің директоры, басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

 

2018-2022 жылдары – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі болған.

 

2022 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеді.