Саяси сахна

Олжас Сатиев: Саясаткерлер – кибертыңшылық үшін "жіліктің майлы басы"

  • Олжас Сатиев: Саясаткерлер – кибертыңшылық үшін

    Олжас Сатиев: Саясаткерлер – кибертыңшылық үшін "жіліктің майлы басы"

Жақында БАҚ-та Pegasus бағдарламасына қатысты тергеудің нәтижесі жарияланды. Ресми мәліметке сәйкес, бағдарламаны әзірлеуші – израильдік NSO Group компаниясы смартфондар арқылы бүкіл әлемде тыңшылық жасап, деректерді арнайы қызметтерге сатуға мүмкіндік алғаны анықталды
Ал компания бағдарлама терактілер мен басқа қылмыстардың алдын алу үшін ғана қолданылғанын мәлімдеді. 

Бағдарлама арқылы бақылануы мүмкін тұлғалардың арасында Қазақстаннан екі мың адам болған, олардың қатарында бірқатар саясаткер мен қоғам қайраткерлері бар. Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы қандай? Заманауи гаджеттердің иелері смартфон аңдымайтынына сенімді бола ала ма? Бұл туралы Sputnik Қазақстан қазақстандық Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының басшысы Олжас Сатиевпен сөйлесті.

Сатиев мұндай бағдарламалар нарықта бұрыннан бар екенін айтты – олар әлемдегі әр түрлі кибер форумдар мен көрмелерде таныстырылады. Бұл жағдайда дүрбелеңге белгілі саясаткерлер мен журналистерге шабуыл жасау себеп болды.  

"Бағдарлама ресми түрде жоспарланған терактілер туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Израиль кибер қару дайындаудан жетекші елдердің бірі болса керек. Бірақ мұндай компаниялар бүкіл әлемде, мысалы, АҚШ-та және Қытайда бар", - деді Сатиев.
Сонымен қатар бұл шабуыл – мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына тыңшылық жасаудың алғашқы әрекеті емес. Мысалы, бірнеше жыл бұрын америкалық саясаткер Хиллари Клинтон мен Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Дмитрий Медведев хакерлік шабуылға ұшырады.  

"Саясаткерлер кибер әскер үшін "жіліктің майлы басы" деуге болады. Саясаткерлер – Iphone, Android-ты қолданатын қарапайым адамдар. Егер сізде электронды құрылғы болса, оны бұзуға болады. Компьютер қолданасыз ба? Оны да бұзуға болады. NSO телефон нөмірін біле отырып, шенеуніктің телефонын қашықтықтан бұзуға мүмкіндік беретін құрал жасады", - деп жалғастырды талдау орталығының басшысы.

Сонымен қатар қарапайым гаджет иелеріне Pegasus бағдарламасынан қауіптенудің қажеті жоқ, өйткені оны пайдалану тым қымбат.  

Қарапайым гаджет қолданушылар басқа шабуылдардың құрбаны болуы мүмкін. Олардан қорғану үшін бірқатар ережені сақтау қажет:

  • гаджеттердегі бағдарламалық жасақтаманы үнемі жаңартып отырыңыз;
  • Windows сияқты пираттық бағдарламалық жасақтаманы пайдаланбаңыз. Оған вирус кіруі мүмкін;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, күмәнді файлдарды ашпаңыз;
  • бағдарламалық жасақтаманы заңсыз түрде орнату үшін гаджетті бұзып ашуға болмайды.



Көрілген: 988    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30