Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оңтүстік Корея президенті келді

26 қаңтар 2011, 19:09

Кеше елімізге үшкүндік ресми сапармен Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мён Бак келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қарсы алды.
Бүгін сапар аясында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуды талқылау үшін Ли Мён Бактың ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, бірқатар мемле­кет­тік органдардың басшыларымен және Қазақстанның іскер ортасының өкілдерімен кездесулері өткізіледі. Келіссөздердің қоры­тын­­дысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынастарды да­мыту бойынша бірлескен іс-шаралар жос­пары қабылданбақ. Сонымен қатар осы са­парда Астанада қазақ-оңтүстіккорей биз­нес-форумын өткізу жоспарланған. Өт­кен жылы Оңтүстік Кореямен арадағы сауда айна­лымы 754,1 млн долларды құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт үлесінде – 330,8 млн доллар, импорт үлесінде – 423,3 млн АҚШ доллары. Көрсеткіш жақсы бол­ғанмен,    2007 жылмен салыстырғанда тауар ай­налымы 10,5 пайызға азайып кеткен. Оң­түстік Корея басшысының арнайы сапары осындай олқылықтардың орнын толтырады деген болжам да жоқ емес. Осы сала бойынша қазіргі кезде Қазақстанда кореялық капиталдың қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын қызмет етеді.