Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Орыс тілін ана тілімен қатар меңгеру қажет – Тоқаев

21 қазан 2021, 12:22

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел президенті қазақстандық балалардың тілді білу мәселесіне түсініктеме бере отырып, мектеп бітіруші түлектердің қоғаммен етене араласу қажеттігін жеткізді.

 
"Олар бәсекеге қабілетті болулары қажет. Бұл үшін өзіңнің ана тіліңмен бірге мемлекеттік тілді де – орыс тілін де меңгеру керек. Балалар неғұрлым көп тіл білсе, соғұрлым өздеріне жақсы болады. Біз оларға шектеу қоймағанымыз дұрыс, себебі біз осы арқылы олардың гүлденген болашағына кедергі келтіреміз", - деді президент.

Ол cонымен қатар Білім министрлігіне басқа елдердегі көптілділіктің тәжірибесін зерттеп, оны біздің ұлттық топыраққа алып келуді тапсырды.