Саяси сахна

ОСК жаңа депутаттарға куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды

  • ОСК жаңа депутаттарға куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды

    ОСК жаңа депутаттарға куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды

Олар жеті күн ішінде депутаттық қызметпен үйлеспейтін міндеттерін тоқтатуы керек

Бүгін Орталық Сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын ресми тіркеуден өткізіп, оларға куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды. Шара БАҚ өкілдері үшін онлайн-форматта өтті. Үш партиядан сайланған депутаттар Орталық сайлау комиссиясына барды.

ОСК төрағасы Берік Имашев күн тәртібінде бір ғана мәселе &ndash жетінші шақырылған ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын тіркеу қаралатынын айтты. ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасап, депутаттар ресми тіркеуден өту үшін қандай талаптарды орындағанын айтып берді.

«Сайлау туралы Конституциялық заңның 97/1-бабының 5-тармағына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партиялардың басшылық органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды. «Ақ жол», Nur Otan және Қазақстан халық партиясы саяси партиялардың тиісті құжаттарын 12-13 қаңтарда ОСК-ға ұсынды. Сондай-ақ, Сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық сайлау комиссиясы ОСК-на Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депуаттатрын сайлау бойынша дуыстарды санау хаттамасын ұсынды.
Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сайлау туралы заңның 45-бабында «ОСК сайланған Парламент депуаттарын жеті күн мерзім ішінде олардан Конституция және республика заңдарына сәйкес, парламент депутаттарының мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін тіркейді» деп белгіленген. Аталған өтініштер алынды. ОСК әр депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгіліні береді. Осыған байланысты Сайлау туралы заңның 12, 45, 46 және 98-баптарына сәйкес, жетінші шақырылған ҚР Праламент Мәжілісі депутаттарын тіркеу туралы қаулының жобасы әзірленді. Аталған жоба комиссияның қарауына енгізіліп отыр. Қаулыны қолдауларыңызды сұраймын», - деді ол.

ОСК мүшелері дауыс бере келе, қаулыны қабылдап, төраға Берік Имашев жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттарына қызметтік куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31