Саяси сахна

Отставкаға кеткен экс-министр Ермекбаев халықтан кешірім сұрады

  • Отставкаға кеткен экс-министр Ермекбаев халықтан кешірім сұрады

    Отставкаға кеткен экс-министр Ермекбаев халықтан кешірім сұрады

Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізіп, жаңадан тағайындалған министр Мұрат Бектановты таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жаңа министрдің білімі мен тәжірибесі қарулы күштерге жүктелетін міндеттерді орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Президент Арыс пен Жамбыл облысының Байзақ ауданындағыдай төтенше оқиғаларға жол бермеудің аса маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте Жоғарғы Бас қолбасшы оқ-дәрілер қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмасын әскерилердің есіне салып, бұл бағытта бірқатар жұмыстар жасалғанын, дегенмен әлі де шешімін күткен түйінді мәселелердің бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы оқ-дәрі сақтайтын барлық қоймаларда және басқа да қару-жарақ сақтайтын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шешім қабылдауды, сондай-ақ елді мекендерден алыс жерде оқ-дәрі сақтайтын замануи қоймалар салу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды. Бұған қажетті қаражат "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасынан қарастырылуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы күштерін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын толықтай жүзеге асыру қажет екеніне, әскери қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне шұғыл әрекет ету үшін басқару органдарының дайындық іс-шараларын жалғастыра беруге назар аударды.

Президент Қарулы күштерді жабдықтау бойынша міндеттемелерді орындау барысында отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенімен келісіп жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар офицерлер мен келісім-шарт бойынша алынатын қызметкерлерге сапалы дайындық жүргізуді қамтамасыз етуге, офицерлер мен генералдар қатарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады.




Көрілген: 829    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 23:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31