Саяси сахна

Отырыңыз, баяндамаңыз күдік туғызады – Тоқаев министрге шүйлікті

  • © Photo: Официальный сайт президента РК

    © Photo: Официальный сайт президента РК

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр келтірген деректерге күдікпен қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент транзиттен түсетін табыс мәселесіне тоқталды.


"Келесі жылы транзиттен 5 миллиард доллар табыс таба аламыз дейміз. Біз ол жайында барлық конференция мен форумда айтамыз. Осы жоспарды орындай аламыз ба?", - деп сұрады Тоқаев.


Министр Роман Склярдың айтуынша, өткен жылы барлық көлік түрі бойынша транзиттен 1 миллиард 700 миллион доллар түскен болатын.


"Биыл осы көрсеткіш 2 миллиард 400 миллион доллар болады деген жоспар бар. Ал келесі жылы 3 миллиард 300 миллион болады. Негізгі себеп - сыртқы санкциялардың кесірінен Иранға және Кавказ арқылы Түркияға баратын тасымалдың төмендеуі. Есесіне электронды коммерцияның көлемі өсіп келеді. 2025 жылы оның көрсеткіші шамамен 3,5 миллиард долларға жетеді. Сондықтан транзиттің табысын Қытайдан Еуропаға жіберілетін сәлемдемелердің есебінен өтейтін боламыз", - деп Скляр мәлімет берді.


Алайда Тоқаев министрдің жауабына қанағаттанған жоқ.


"Отырыңыз, сіздің баяндамаңыз үлкен күдік туғызады. Тексеру керек", - деді Тоқаев.


 


 




Көрілген: 1596    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 13:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31