Саяси сахна

"Өзара түсіністік пен келісімді нығайтады": Назарбаев Ораза айтпен құттықтады

  • "Өзара түсіністік пен келісімді нығайтады": Назарбаев Ораза айтпен құттықтады

Біздің елімізде Ораза айт діни сеніміне қарамастан күллі қазақстандықты біріктіре түседі, деді Елбасы

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

"Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам исламның ең басты рухани құндылықтары – жақсылықты, кеңпейілділік пен мейірімділікті дәріптейді. Ислам бәрімізді бейбітшілікке, бірлік пен тұрақтылыққа шақырады. Бұл құндылықтар мұсылман үмбетімен бірге барлық дін өкіліне жақын. Сондықтан біздің елімізде Ораза айт діни сеніміне қарамастан күллі қазақстандықты біріктіре түседі", - деді Елбасы. 

Айтуынша, осы дәстүрлерді одан әрі нығайту, адамгершілік құндылықтарды бағалай білу маңызды. Бұл – Қазақстанның тұрақты және сенімді дамуының негізі.

"Мереке күндері жақсы істер жасалып, жақын адамдарға қамқорлық, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі. Мейрам қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді", - деді ол. 

"Осынау қастерлі күн секілді біздің өміріміз де игі істерге, ізгі ойлар мен мейірімділікке толы болсын. Барша қазақстандыққа рухани күш-қуат, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін. Ораза айт қабыл болсын!", - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында. 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31