Саяси сахна

Өзбекстан мен Қырғызстаннан үлгі алыңдар – Дариға Назарбаева

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдауда спикер Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп өндірушілерін бәсекеге қабілетті болуға үндеді.

 

Бәсекелестік тым жоғарылап кеткен, сондықтан олармен жарысқа түсудің еш мәні жоқ. Одан да күш-жігерімізді болашағы бар, шамамыз жететін салаларға жұмсайық дегенді жиі естимін. Алайда, бұл шынымен де солай ма? Ұлттық жеңіл өнеркәсіптен бас тартып, тек импортқа сенім арту қаншалықты қисынды? Әрине, бұл дұрыс емес. Қазіргі бәсекелестік тек жеңіл өнеркәсіпте ғана емес, нарықтың барлық саласында өсіп жатыр. Сол себепті бәрін бәсекелестікке жаба салу аргумент емес, - деді Дариға Назарбаева.

 

Ол осы ретте көрші елдерге назар аударыңдар деп айтты.

 

Сондықтан бостан-босқа қол қусырып, ештеңе істемей отыруға болмайды. Шамамыз жеткенше қолда бар мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек. Мына тұрған көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстанға қараңыздар. Бұл елдердің тауарлары Қазақстанда отандық өнімге қарағанда, бірнеше есе көп сатылатыны шындық қой, - деді Сенат спикері.

 

Бұған дейін, Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдауда Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, бұл салада импорттың үлесі өте көп. Мемлекеттік тапсырыс берушілердің көбі төмен бағаға қызығады. Сондықтан алып-сатарлар арқылы шетелден тауар көп келеді.

 

Вaq.kz


 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 16:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30