Саяси сахна

Парламенттің жұмысына көңілі толмаған депутат мандатын тапсырды

  • https://baq.kz/news/

    https://baq.kz/news/

Қырғызстан парламентінің депутаты Исхак Масалиев 21 мамырда "Жогорку Кенештің сәтсіздігіне ұялатынын" айтып, мандатын тапсыратынын мәлімдеді.

 

Масалиевтің сөзінше, парламент өз өкілетін пайдаланбайды және үкіметтен жақсы жұмыс істеуді талап ете алмай отыр. Ол 25 мамырда парламенттен кететінін айтып, басқа депутаттарды "процессуальдық норманы бұзды" деп айыптады.

 

Парламент жұмысының өзгергенін қалаймын. Сайлаушылардың үмітін ақтамасам кешірім сұраймын. Мемлекетке пайда әкелетін кез келген жұмысты істеуге дайынмын. Бірақ қазіргі парламентте депутат болып отыру мүмкін емес деп ойлаймын - деді ол.

 

Өткен аптада Масалиев пен тағы бірнеше депутат парламентке сайлану үшін қажетті дауысты 9 пайыздан 5 пайызға түсіруді ұсынған. Бірақ парламент комитеттері мұны қолдамады. Қызу дебаттан кейін депутаттар парламентке өтуге қажетті дауысты 7 пайызға түсіру туралы заң жобасын мақұлдады.

 

59 жастағы Масалиев – Қырғызстан коммунистік партиясы орталық комитетінің жетекшісі. Ол парламентке 2015 жылы «Онугуу-Прогресс» партиясы атынан сайланған.

 

Масалиев 2000-2010 жылдары да депутат болған. 2012-2014 жылы Қырғызстанның салық қызметін басқарды.

 

baq.kz/




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 09:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30