Саяси сахна

Партия көп жаңа есіммен толықты – Расул Жұмалы

  • Партия көп жаңа есіммен толықты – Расул Жұмалы

    Партия көп жаңа есіммен толықты – Расул Жұмалы

Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы алда өтетін Мажіліс пен Мәслихат сайлауына қатысты ойымен бөлісті.

«24 Қарашада Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің Бюросы шақырылмақ. Алдыңғыда Covid-19 кесірінен өтпеуі ықтимал деп ұйғарылған жиын ақыры ұйымдастырылатын болды.

Онысы көп ретте негізді де. Біріншіден, ел болғаннан кейін саяси өмір тек онлайнмен шектеліп қалмайды. Екіншіден, әлемде талай, көбіне келеңсіз жағдайлар мен үрдістер қалыптасып отыр. Үшіншіден, Қазақстанның ішінде көптеген өзекті мәселелер, әсіресе короновирустың екінші толқынына қарсы іс-шаралар жетерлік. Осының бәрі тиісті шешімін күтуде.

Айтылғанға қоса 2021 жылдың 10 қаңтарына Мажіліс пен Мәслихаттарға сайлау жоспарланғаны белгілі &ndash оған да дайындық мәселесі алдағы жиынның күн тәртібіне енетіні анық. Өткен жылғы Саяси кеңестің Бюросында партияның жаңаруы жайлы шешім қабылданған еді. Соның бір көрінісі &ndash Праймериз болды.

Әрине, кез-келген тың бастама сияқты Праймериз мінсіз өтті деп айта алмаймыз. Десе де 10 мыңнан астам белсенді бағын сынаған осы доданың нәтижесінде партия көптеген жаңа есіммен толықты. Енді съезде Nur Otan-ның партиялық тізімі жариялануын күтеміз.

Айта кетерлік жәйт &ndash жаңа ережелерге сәйкес Мәжіліс пен Мәслихаттар құрамында жастарға және әйел адамдарға 30 пайыздық квотаның енгізілгені. Әзірше ондағы жастардың үлесі тек 2 пайызды құрайтынын ескерсек, әсіресе маңызды отырыстарда ұйықтап отыратын зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салып, белсенді де жас азаматтарға жол беру тұрғысынан алғанда бұл да жақсы жаңалық», &ndash деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

aikyn.kz




Көрілген: 977    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 19:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31