Саяси сахна

Павлодар облысының жаңа әкімі тұтқындалған Болат Бақауов жайлы айтты

  • Әбілқайыр Сқақов. Фото: astana.gov.kz. Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov

    Әбілқайыр Сқақов. Фото: astana.gov.kz. Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov

Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов журналистермен кездесу барысында қазір қамауда отырған экс-әкім Болат Бақауов жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Әбілқайыр Сқақов Бақауов басқарған уақытта облыста ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті. Ол, әсіресе, жол құрылысы, жұмыс орындарының пайда болуы мен сумен қамтамасыз ету мәселелерін атады.

 

"Болат Жұмабекұлының кезінде айтарлықтай жұмыс атқарылды. Құрылыс, жаңа өндірістердің құрылуы, инвестжобалар жоспарлы түрде жүзеге асып отырды. Облыс стратегияға сәйкес алға жылжыды. Сумен қамтамасыз ету және жол сапасы мәселесі 82 пайызға орындалды.

 

Жұмыспен қамту мен жұмыс орындарын құру бойынша нақты бағдарлама жұмыс істеді. Мұны атап өту керек. Бірақ, жаңа міндеттер мен жаңа тапсырмалар бар. Бізге облыста бар әлеуетті максималды түрде пайдалануға тырысу қажет", -деді Павлодар облысының әкімі.

 

Жаңа әкім Павлодар облысының басшысы болып тағайындалуына қатысты да пікір білдірді. Ол өзіне Қазақстан президенті мен Елбасы сенім артқанын түсінген. Сондықтан, аталған қызметті ұсынған сәтте бас тарта алмаған.

"Мен мемлекеттік қызметте жүрген 25 жылымда өзімді жіберген аймақтардан қашқан емеспін. Қазір де сондай жауап. Қайда жібересіздер, сонда жұмыс істеймін. Мен осы облыста дүниеге келдім және 15 жыл бойы еңбек еттім. Өз туған жерімде еңбек ету - мен үшін үлкен жауапкершілік", -деді Әбілқайыр Сқақов.

 

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

 

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

 

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Болат Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

 

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

 

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

 

Сондай-ақ, Павлодар облыстық сотында өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовтың қорғаушылары тарапынан бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініші қаралды. Дегенмен сот өтінішті қанағаттандырған жоқ. 




Көрілген: 1440    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 09:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30