Саяси сахна

Перуашев мемлекеттің атауын өзгерту жайлы ұсыныс жасады

  • Перуашев мемлекеттің атауын өзгерту жайлы ұсыныс жасады

    Перуашев мемлекеттің атауын өзгерту жайлы ұсыныс жасады

Ол &ndash терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыру қажет.

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев Қазақ Республикасы атауын қайтаруды ұсынып отыр, деп хабарлайды  Baq.kz.

"Биыл Алаш автономиясынан бастау алатын және қазіргі Қазақстанның негізін қалаған Қазақ Республикасына 100 жыл толды. Алдымен қателесіп Қырғыз автономиялық республикасы деп аталып, бес жылдан кейін Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Жалау Мыңбайұлы және басқа да тұлғалардың арқасында республикамызға ұлтымыздың төл атауы қайтарылды. Былтырғы жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметке бұл тарихи датаны ресми түрде атап өтуді және Қазақстан атымен қатар тоталитарлық Кеңес билігінің өзі мойындаған Қазақ Республикасы атауын қолдану туралы мәселені көтерді. Бұл бастаманы Ш. Уәлиханов атындағы тарих институты қолдады. Бірақ біздің шенеуніктер үнсіз қалды. Сонда да біз тарихи бірлігімізді білдіретін Қазақ Республикасы мемлекеттік атауын қайтаруды жөн деп санаймыз", - деді Азат Перуашев.

Ол сонымен қатар партияның бағдарламасындағы ең негізгі басымдық &ndash Тәуелсіздік және Алаш ұлттық идеясы деп отыр. 

"Мемлекет басқару ісіне қоғам жан-жақты араласып, оны бақылау керек. Елімізге әлеуметтік-экононмикалық салада, саяси жүйеге де түбегейлі өзгерістер қажет. Аталған өзгерістерді тым соза берудің қауіптілігі сонда, бұл Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Ал Тәуелсіздіктің ең басты кепілі &ndash қару емес, өз мемлекетін сыйлайтын, бағалайтын азаматтық қоғам болуы керек. Сондықтан, қазіргі билік моделіне бір ғана балама бар. Ол &ndash терең әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қабылдап, жүзеге асыру қажет. «Ақ жол» демократиялық партиясы жаңа және әділ Қазақстанға апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынады. Сол бағдарламадағы басты басымдығымыз &ndash Тәуелсіздік және Алаш ұлттық идеясы", - дейді партия төрағасы.




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 00:45
    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31